QosLike жобасы арқылы көрерменге танылған Ақерке Күнтуарова мен Ернар Бараков шаңырақ көтерді. Қуанышты жаңалықты Ақерке әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, , деп Malim.kz тілшісі оның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақерке Күнтуарова неке қию рәсімінен түсірілген фотосын көпшілікпен бөлісті. Кадрда жас жұбайлар ақ түсті киіммен бейнеленген.
Жазбаға Ақерке жұбайына арнаған жылы лебізін де қалдырған.
"Сен – менің жұбайым, досым әрі тірегімсің. Біз Жәннатта да бірге болсақ екен деп дұға етемін", – деген мағынадағы жазба жариялады ол.
Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін жазып жатыр.
Ақерке мен Ернар QosLike жобасына қатысқан
Ақерке Күнтуарова мен Ернар Бараков бұған дейін "Еуразия" бірінші арнасындағы QosLike жобасының қатысушылары ретінде танылған. 2025 жылы жарияланған қатысушылар тізімінде Ақерке Күнтуарова 21 жаста, ал Ернар Бараков 25 жаста деп көрсетілген.
Ашық деректегі әлеуметтік желі мәліметінде Ернар Бараков өзін жүргізуші, шоумен және асаба ретінде таныстырады.
QosLike – отбасын құруды мақсат еткен қыз-жігіттер танысып, қарым-қатынас орнататын әлеуметтік ойын-сауық жобасы. Бағдарлама 2017 жылдан бері эфирде көрсетіліп келеді. Жоба өкілдері бағдарлама тарихында таныстықтары отбасылық өмірге ұласқан жұптар болғанын атап өтеді.
Айта кетейік, жас жұбайлар неке қию сәтінен бірнеше кадр жариялағанымен, әзірге тойдың қашан және қай жерде өткені жөнінде толық ақпарат бөліскен жоқ.
Источник: Malim · Алуа Әшірбекова

