2026 жылдың 12 қазанына қараған түні Алматыда төрт көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында Changan X5, Toyota Altezza, Toyota Camry және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Changan X5 кроссоверінің
жүргізушісі Рысқұлов даңғылынан Шәріпов көшесіне солға бұрылған.
Сурет: Zakon.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қарсы бағыттағы көліктер ағыны тоқтағанымен, дәл осы сәтте оң жақ шеткі жолақпен жоғары жылдамдықпен Toyota Altezza қиылысқа кірген.
Сурет: Zakon.kz.
Соққыдан кейін басқаруға келмей қалған Toyota көлігі
Шәріпов көшесінде тұрған Toyota Camry және Chevrolet Cobalt көліктеріне
соғылған.
Сурет: Zakon.kz.
Жол апаты салдарынан Camry салонындағы үш адам зардап
шекті. Жүргізушінің қолы сынған. Сондай-ақ оның анасы мен баласы жарақат алған.
Оқиға орнынан алынған мәліметке сәйкес, Changan X5 көлігінде болған бала зардап
шекпеген.
Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін Toyota Altezza
жүргізушісі өзін оғаш ұстап, полиция шақырмауды сұраған. Кейін ол күтпеген
жерден оқиға орнынан кетіп қалған. Телефон арқылы наубайханаға жұмысқа кеткенін
айтқан.
Сурет: Zakon.kz.
Алғашында Changan X5 жүргізушісі тыйым салынған
бағдаршам түсіне қарамастан бұрылуды аяқтаған болуы мүмкін деген болжам
жасалған. Алайда жол полициясының мәліметінше, бейнебақылау камераларындағы
жазбаларға сәйкес, Toyota Altezza жыпылықтап тұрған жасыл сигналға өтіп,
кроссовер жүргізушісі оған жол беруі керек болған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның
мән-жайын анықтап жатыр.
Сурет: Zakon.kz.
Бұған дейін Қостанайда Chevrolet көлігінің жүргізушісі көше қиылысында қауіпті жол апатын тудырғаны туралы жазған болатынбыз Аталған жол апатына
қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Источник: Zakon.kz · Гүлай Ашекова





