Алматыдағы кафелердің бірінде әйелдер арасында төбелес болды. Қатысушылардың бірі басынан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданындағы Солтүстік айналым көшесінде орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде болды.
"Отырыс төбелеспен аяқталды. Сөз таластыру аз уақытта төбелеске ұласып, тіпті қолға ілінген ыдыс-аяқты да лақтырған. Келушілер арасында жанжал туындап, нәтижесінде әйелдердің бірі басынан жарақат алды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізді. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай

