Алмат Сақатов шетелге кеткен қазақтарға үндеу жасады

08.10.2026 11:13 · В стране

фото: instagram.com/sakatovalmat, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алмат Сақатов шетелде жұмыс істеп жүрген жігіттерге өзге қазақтарды шетелге шақырмауға үндеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Актердің пікірінше, осы арқылы отанын сүйетін адамдардың көңіліне қаяу салу оңай.

Оның айтуынша, бір жігіттер өзін Кореяға шақырып, ол жақта бәрі күшті екенін жазады. Тамақтары жақсы, бәрі автоматты, көшелері күшті екенін айтады.  

«Шетелге барып, сол жақта жұмыс істеп жүрген жігіттер, сендер еріккеннен кеткен жоқсыңдар. Жұмыс істеу үшін, ақша табу үшін жанталасып бардыңдар. Бардыңдар ма, мен сияқты тыныш жүрген елге, отанында жүрген азаматтарға «келіңдер, мына жақта күшті» дегенді көп айта бермеңдер. Мұны сатқындық деп айтпаймын. Бірақ Отанын сүйетін азаматтардың көңіл күйіне қаяу салуға болмайды», – деді Алмат Сақатов.

Актер мұның алдында өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі туралы ашық айтып, артық дүниеге қызығудың салдары қандай болатынын жеткізген еді.

Источник: Курсив · Шадияр Өстемір