20-10-2025
20.10.2025

2025 жылдың басынан бері Қазақстан мұнай-газ секторынан 8 трлн теңгеден астам салық түсімін жинады. Бұл туралы LS-ке Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Ведомство дерегінше, жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша саладан түскен түсім көлемі 8,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жартыжылдықтағы көрсеткіштен (3,167 трлн теңге) 2,6 есе артқан.

Ірі үш жоба – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған бойынша ең көп табыс "Теңізшевройл" компаниясынан түсті. Ол қазынаға 2,568 трлн теңге аударып, жалпы түсімнің 30,5%-ын қамтамасыз етті.

Екінші орында – "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." (KPO), оның үлесі шамамен 1 трлн теңге немесе 12,1%.

Ал Қашаған жобасының операторы – "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) – 341,6 млрд теңге (4%) көлемінде салық төлеген.

Бұған дейін, LS редакциясы еліміздің жер қойнауындағы мұнай мен газ қоры туралы жазған болатын.

Share Post