19-04-2025
19.04.2025

Ай сайын қазақстандықтар шетелге көбірек ақша жіберуде.

Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы – 243,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% және 14% — ға аз.

Сәуір айындағы жалпы саннан 65,8 млрд теңге сомасына 205,2 мың транзакция шетелге жіберілді.

"2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда жіберілген ақша аударымдарының саны 6,6%-ға көбейсе, көлемі 11,1%-ға көбейді"ҚР Ұлттық банкі

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша алдыңғы қатарда келесі елдер: Ресей – 21,3 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 32,3%), Өзбекстан – 18,0 млрд. теңге (үлесі- 27,4%), Түркия – 12,6 млрд. теңге (үлесі – 19,1%), Грузия – 5,4 млрд. теңге (үлесі – 8,2%), сондай–ақ Қырғызстан – 2,5 млрд. теңге (үлесі – 3,8%).

Айта кетейік, Қазақстан аумағындағы аударымдар жалпы санның тек 2% және ақша аударымдарының жалпы сомасының 2,8% -ын құрады.

2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда шетелден түскен ақша аударымдарының саны 0,8%-ға азайса, көлемі 2,8%-ға өсті. Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша алдыңғы қатардағы елдер: Ресей – 5,9 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 29,0%), Корея Республикасы – 2,6 млрд. теңге (үлесі – 12,5%), Америка Құрама Штаттары – 2,5 млрд. теңге (үлесі – 12,2%), Өзбекстан – 2,1 млрд. теңге (үлесі – 10,1%), сондай-ақ Германия- 1,5 млрд теңге (үлесі – 7,3%).

Сурет: Freepik

Share Post