«Бүкіл Қазақстан сені күтті, Никита»: Каспийдегі ТЖ-дан аман қалған сарбаз анасымен түскен суретін жариялады (фото)

06.10.2026 11:19 · Человек и Закон

«Бүкіл Қазақстан сені күтті, Никита»: Каспийдегі ТЖ-дан аман қалған сарбаз анасымен түскен суретін жариялады (фото)

Каспийдегі қайғылы оқу-жаттығу кезінде аман қалған Батыс Қазақстан облысының тумасы, әскери қызметші Никита Удалов үйіне оралғаннан кейін анасымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ана – қандай жағдай болмасын сені күтетін адам", — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында жариялаған суреттің сипаттамасына.

Бұл кадрлар желі қолданушыларының жүрегін тебірентті.

"Бүкіл Қазақстан сені күтті, Никита", "Біз сені танымасақ та, үйіңе аман-есен оралып, анаңның қасынан табылғаныңа өте қуаныштымыз!", "Никита, оралуыңмен. Сенімен бірге қайтпай қалғандардың рухына тағзым етіп, лайықты өмір сүр… Ана байғұс, сол сұмдық қайғылы оқиға болған кезде оның не кешкенін елестетудің өзі қиын", "Бұл суретте қаншама жылулық бар", "Бүкіл Қазақстан сені күтті… Бүкіл Қазақстан уайымдады… Өмір сүр… Лайықты, бақытты және ұзақ ғұмыр кеш… Сені күтіп, уайымдаған анаң үшін өмір сүр. Қаза болған жігіттердің бәрі үшін өмір сүр…", — деп жазды пікір қалдырушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@udalov_52_yo)

Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, жел екпінінің күшеюі салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кетіп, олардың 14-і қаза тапты.

Үш әскери қызметші құтқарылды.

Жақында аман қалған әскери қызметшілердің үйлеріне оралғаны белгілі болды. 19 жастағы Ақжол Темірхан Ақтаудағы ауруханадан шығарылып, Жаңаөзенге кетті. Қуандық Бекет Атырау облысына, ал Никита Удалов Батыс Қазақстан облысына аттанды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева