Экс-депутат Азат Перуашевқа жасалған кибершабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

30.09.2026 11:28 · Человек и Закон

Экс-депутат Азат Перуашевқа жасалған кибершабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте мәжілістің экс-депутаты Азат Перуашевқа жасалған кибершабуылға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санжар Әділов кибершабуыл туралы хабарламадан кейін полиция экс-депутат Азат Перуашевпен байланыста екенін мәлімдеді.

"28 қыркүйекте аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір киберқылмысқа қарсы күрес бойынша тиісті бөлімшелер фигуранттарды, клон-сайттардың иелерін анықтау бағытында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар біз бірнеше арнайы сот және сот-технологиялық сараптамалар тағайындадық. Тергеу барысы бақылауда", — деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Ақ жол" партиясы мен оның бұрынғы төрағасы Азат Перуашев бірқатар "арандатушылыққа" байланысты құқық қорғау органдарына жүгінген болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева