Семейде ағаш кесу цехы алапат өртке оранды

04.10.2026 04:48 · Правда

Семейде ағаш кесу цехы алапат өртке оранды

Семей қаласындағы Глинки көшесінде ағаш кесу цехының аумағында 400 шаршы метр алаңда ағаш материалдары, сондай-ақ күнбағыс тұқымының қабығы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге шамамен тоғыз сағат уақыт кеткен.

"Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді. Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдарының 14 бірлігі және 47 қызметкері тартылды. Өрт толықтай сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

Источник: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева